Размер шрифта:

№154 бұйрық

№154 бұйрық

Балқаш қаласының

  білім бөлімінің

2020 жылғы «14» наурыздағы

№154 бұйрығына

1 - қосымша

 

 

2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанының

аяқталуын ұйымдастыру туралынұсқаулық

 

Орта білім беру ұйымдарында 2020 жылғы 16 наурыз-5 сәуір аралығында көктемгі каникул жариялануына байланысты меншік түріне қарамастан:

1. 2020 жылғы 12 наурыздан 14 наурызға дейін үшінші тоқсанға ТЖБ ұйымдастыру және өткізу.

2. ТЖБ және БЖБ тапсырмалары жиынтық бағалау өткізу барысында өтілмеген тақырыптарды қамтымауы тиіс.

3. Бір күнде үшеуден артық ТЖБ, БЖБ өткізілмеуі тиіс. Үлгілік оқу жоспарына байланысты үшінші тоқсанда ТЖБ саны:

1-сыныптар – 4.

2-сыныптар – 5.

3-сыныптар – 6.

4-сыныптар – 6.

5, 6-сыныптар – 7.

8, 9-сыныптар – 11.

10-11-сыныптар – 10.

4. Білім алушыларға қосымша жүктеменің болуына жол бермеу.

5. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспаған білім алушылар үшін ТЖБ жеке график бойынша 4-тоқсанның басында ҚР БҒМ 26.11.2019 жылғы №509 бұйрығына сәйкес жүргізіледі, содан кейін тоқсандық баға қойылады.

6. 2020 жылдың 14 наурызына (қоса алғанда) дейін үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша бағалардың қойылуын қамтамасыз ету.

7. Қажет болған жағдайда білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын сенбі күндері өткізу қажет  (2020 жылғы 14 наурыз). 

8. Білім алушыларды каникулдық кезеңде инварианттық компоненттегі «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек», «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша үшінші тоқсанның соңы мен төртінші тоқсанның басында  меңгерілмеген мақсаттар бойынша оқу тапсырмалары материалдарын беру ұсынылады.

9. Педагог 16 наурыздан 20 наурызға  және 3 сәуірден 5 сәуірге дейін өтілмеген материалдар бойынша оқыту мақсаттары, қысқа тезистік конспект, оқулықтар мен электрондық ресурстарға сілтемелер, сонымен бірге оқу тапсырмалары берілген  сабақ жоспарын дайындайды.

10. Каникул уақытында педагогтар мен ата-аналардың «Білім ал» электрондық журналына қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет.

11. Педагогтерге өтілмеген оқу мақсаттары  бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы  оқушылар мен мен ата-аналармен электрондық журналда және онлайн режимде  міндетті кері байланыс орнату керек.

12. Қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (электронды журнал, скайп, теле-сабақтар, google.сlassroom, moоdlе, zoom, электронды пошта, watsap чаттар, opik.kz, телеграмм және т.б.) қолдануды ұсыну;

13.  Тек ресми ақпаратқа сүйеніп жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша білім алдушылар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.

14. 3-тоқсандағы каникул күндерінің басталу күнін өзгерту мақсатында электронды журналдакелесі қадамдық әрекеттерді орындау қажет: 

1)  3-тоқсан бойынша сабақ жоспары сабақтарының күні мен түрлерін түзету: 3-тоқсанға жоспарланған барлық бақылау жұмыстары ( БЖБ және ТЖБ) 3-тоқсанда көрсетілуі тиіс;

2) күнді редакциялау арқылы 3 тоқсанның (16 наурыздан басталатын) сабақ жоспарлары 4 тоқсанға қойылсын (немесе жою);

3) директордың орынбасары кабинетінде, «оқу процесі» бөлімінде 3- тоқсанның аяқталу мерзімі 14 наурызға өзгертілсін;

4) 12-14 наурыз аралығында жоспарланған және өткізілген БЖБ мен ТЖБ баллдарын сабақ өткізілген күннен бастап 14 күн ішінде қойылсын;

5) 14 наурызға дейін өткізілмеген және 4-тоқсанда өткізілетін БЖБ және ТЖБ осы алгоритмнің 1-тармағында көрсетілген 3-тоқсанның күнімен қойылады.

Дата: 16.03.2020, 15:38 Автор: Школы и сады г. Балхаш