«Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынының ІІІ Облыстық Чемпионаты өтті
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінің базасында, «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойынының ІІІ Облыстық Чемпионаты өтті, оған облыстың орта мектеп оқушыларынан 16 команда қатысты.Чемпионаттың тақырыбы Абай Құнанбаев пен Абу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметі болды. Балқаш қаласынан № 4 орта мектептің Жалын командасы қатысты. Зиялы қауым арасындағы қызу тартыста біздің команда 1 орынға ие болды. Нәтиже Жеңіс кубогы болды! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
Дата: 4.02.2020, 10:19 Автор: Школы и сады г. Балхаш