"Робототехника негіздері" білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өтті.

18.12-21.12.19 уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласының "Agzhan" ғылыми - практикалық орталығы және Балқаш қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Робототехника негіздері" білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы өтті.

Мұғалімдер Lego EV3 конструкторының жабдықтарымен терең танысып, EV3 моторлары мен датчиктерінің мүмкіндіктерімен терең танысты.

Түс датчиктері, гироскопиялық, инфрақызыл, температура, таймер, жанасу, ультрадыбыс датчиктерімен, деректер айнымалыларымен жұмыс жасай отырып, күрделі бағдарламаларын құру тәжірибелік дағдыларын нығайтты.

Дата: 23.12.2019, 16:39 Автор: Школы и сады г. Балхаш