2019 жылдың 25-26 қазан күндері Ақтөбе қаласында өткізілген

2019 жылдың 25-26 қазан күндері Ақтөбе қаласында өткізілген

2019 жылдың 25-26 қазан күндері Ақтөбе қаласында өткізілген «Достастық кітапханалары: интеграция, инновация және барлық адамдарға қол жетімділік» тақырыбында 1-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына   Қарағанды облысы, Балқаш қаласының мектеп кітапханашылары белсенді түрде ат салысты. Конференцияның пленарлық бөлімінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Р.Бакаева «Мектеп кітапханашысының кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында ақпаратпен бөлісті. Секциялық бөлімде №16 ЖББ орта мектеп, №1 ЖББ орта мектеп, Абай атындағы №2 лицей кітапханашылары шебер-сынып  элементтері қарастырылған «Мектеп кітапханасындағы инновациялық жұмыс бағыттары» тақырыбындағы  ұжымдық жұмыс  жоғары бағаланып, негізгі баяндамашы- Ә.Шаймерден (ЖББ №16 орта мектеп) төсбелгімен,  №1 ЖББ орта мектеп, Абай атындағы №2 лицей кітапханашылары – М.Баянбаева, Х.Булганбай Дипломдармен марапатталды. Келесі күні конференцияға қатысушы-қонақтары үшін Ақтөбенің ең таңдаулы кітапханаларына экскурсия ұйымдастырылды.

Дата: 29.10.2019, 17:07 Автор: Школы и сады г. Балхаш
Пока еще нет комментариев
Captcha