«Сандық білім ресурстарын қолданудың тиімділігі» атты қалалық оқыту семинары

Бүгін, яғни 06.04.2018 жылы күні «Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей» КММ-де қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен тәжірибені тарату және алмасу мақсатында информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Сандық білім ресурстарын қолданудың тиімділігі» атты қалалық оқыту семинары өткізілді. Оқыту семинарына барлық мектептердің информатика пәні мұғалімдері қатысты. ЖББ №10 орта мектебінің жабдықтандыру инженері Виноградов О.А. «Электронды оқулықты жасақтау» атты тақырыбы бойынша қатысушыларға электронды оқулықты жасаудың тиімді тәсілімен таныстырды. №8 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Химиран Р. «Сандық білім ресурстарын қолдану тәжірибесімен бөлісу» тақырыбы бойынша әртүрлі сандық ресурстардың сабақ барысында тиімді түрде қолдану бойынша тәжірибе көрсетті. Оқыту семинары қызықты, әрі пайдалы мәліметтермен ерекшеленіп, сәтті аяқталды.

Дата: 5.06.2019, 15:01 Автор: Білім бөлімі