Размер шрифта:

«Достық-бағасыз байлық» атты мәнерлеп оқудан сайыс болып өтті

2019 жылдың 04 мамырында ЖББ №4 орта мектеп базасында «Балқаш қалсының білім бөлімі» ММ-сі әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес 3-4 сыныптар арасында «Оқу шаттығы» әлеуметтік-педагогикалық жобасы жалғастыру аясында «Достық-бағасыз байлық» атты мәнерлеп оқудан сайыс болып өтті. 
Сайыстың мақсаты: Көркем оқу өнерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық тұрғыда өзін көрсетуге қолдау көрсету;
Сайыстың міндеттері:
• Жоғары көркемді прозалар мен поэзияларды мәнерлеп оқуға қызығушылығын қалыптастыру;
• Оқушыларды эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
• Оқушылардың бойында адамгершілік-рухани құндылықтарын қалыптастыру, достық қарым-қатынас пен бірлікке баулу; 
• Дарынды және шығармашыл оқушыларды анықтау;
Сайыс 2 номинация бойынша жүргізілді: қазақ тілінде оқитын мектептер үшін, орыс тілінде оқитын мектептер үшін. Ереже бойынша 3 сынып оқушылары өлең оқыса, 4 сынып оқушылары қара сөзден сайысты. Сайыс екі тілде өткізілді. Барлығы 121 оқушы қатысып, білім сынасты. Қазақ тілінде оқитын мектептердің 3 сыныптарынын 35 оқушы, 4 сыныптарынан 33 оқушы, орыс тілінде оқитын мектептердің 3 сыныптарынан 17 оқушы, 4 сыныптарынан 18 оқушы қатысса. 
Әр түрлі сала өкілдерінен тағайындалған әділ қазылардың сыннан өткізген мәнерлеп оқу шеберлерінің арасынан 
Қазақ тілінде оқытатын мектептер:
3 сыныптар бойынша 
№6 орта мектептің 3 сынып оқушысы Самат Самғат Бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды Сағынтай Мағжан (№7 мг) иеленді.
Екінші орындар: Құрал Ханифа (№24 ОМ), Советова Эльнара (№15 мл), Тлеубек Адина (№2 лицей), Бағидолла Медина (№5 ом).
Үшінші орындар: Сағындық Талшын (№7 мг), Мұрат Елнұр (№5 ОМ), Құдайберген Айюб (№2 лицей), Азат Медина (№16 ОМ), Тұрсын Айсана (№15 мл). 
4 сыныптар бойынша: 
Бас жүлде – Татибекова Даяна (№8 ОМ), Бірінші орындар: Мәуленқызы Мерей (№16 ОМ). Екінші орындар: Балтабай Нұрдос (№24 ОМ). Дюзбаева Томирис (№7 мг), Құмарбекова Наргиз (№2 лицей), Қожахмет Нұрайлым (№15 мл). Үшінші орындар: Аманғали Жанель (№2 ми), Омаров Айдар (№6 ом), Қанат Айша (5 ом) 
Орыс тілінде оқытатын мектептер:
3 сыныптар бойынша
Бас жүлде – Абеуов Ибрагим (№17 мл). Бірінші орын: Андриенко София (№3 ОМ), Черников Данил (№10 ом). Екінші орындар: Востроноленкова Элина (№1 ом). Үшінші орындар: Свинаренко Ева (№4 ОМ), Чрячкова Шабнам (№10 ОМ), Искакова Амелия
(№17 мл), Еремина Диана (№24 ом)
4 сыныптар бойынша 
Бас жүлде – Колесникова Виталина (№17 мл). Бірінші орындар: Илахун Юсуп (№1ОМ), Шевченко Алина (№24 ом). Екінші орындар: Карамсенли Мираслава (№10 ОМ), Медведев Максим (№10 ОМ). Үшінші орындар: Сарымсакова Адэма (№7 мг)

Дата: 5.06.2019, 12:37 Автор: Школы и сады г. Балхаш