Размер шрифта:

"Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі" облыстық байқауының қалалық кезеңі болып өтті

2019 жылдың 15-16-18 наурыз күндері Балқаш қаласының білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Дене шынықтыру пәнінің үздік мұғалімі" облыстық байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Мақсаты: үздік педагогтар тәжірибесін насихаттау, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің шеберлігін шыңдау. Байқауға мектепшілік байқаудың он жеңімпазы қатысып күш сынасты. Ереже бойынша 4 кезең жоспарланды. Бірінші кезеңде мұғалімдердің ашық сабақ көрсетілімдері тамашаланды. Екінші кезеңде пән бойынша және педагогикадан тест жұмысы тапсырылды. Үшінші кезеңде практикалық жұмыстардан шеберлік көрсетілді. Бұл кезеңде алдын ала дайындалған тапсырмалар бойынша әр қатысушы практикалық жаттығулар көрсетті. Осы кезеңдердің қорытындысымен 6 жеңімпаз ақтық сынға шықты. Олар: Байсақалов Е. (2 лицей ) Мисягин С. (4 мектеп), Орал Е.(7 мг ), Пестов Ю. (10 мектеп), Құстай А. (16 мектеп), Тасимбеков Н. (15 мл). Байқаудың ақтық кезеңінде мұғалімдер визит картасы мен сыныптан тыс іс-шара тұсаукесерін ұсынды. Білім бөлімі басшысы Г. Агдарбекова, кәсіподақ төрайымы А. Айтжанова және әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Бектурганова байқау критерийлері бойынша бағалап, қорытынды шығарды. 1 орынды 16 орта мектептің мұғалімі Құстай А. Ғ. иеленсе, 2 орын 10 мектептің мұғалімі Пестов Ю бұйырды. Ал 2 лицейдің мұғалім Байсақалов Е. мен 4 мектептің мұғалімі Мисягин А. 3 орынды иеленді. "Үздік сабақ" номинациясымен ерекше сабақ көрсеткен 8 орта мектептің мұғалімі Отарбаев А. марапатталды. "Үздік сыныптан тыс іс-шара" номинациясымен 15 мектеп-лицейдің мұғалімі Тасимбеков Н. марапатталды. Орал Тұрар "Алғашқы қадам" номинациясына ие болды. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Жеңімпаздарға диплом және бағалы сыйлықтар берілді. Байқау жеңімпаздары облыстық байқауға жолдама алды.

Дата: 7.04.2019, 12:49 Автор: Школы и сады г. Балхаш