«Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс шарасы жалғасуда

Қарағанды облысы Балқаш қаласы білім мекемелерінде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндік іс шарасы жалғасуда.Абай атындағы №2 лицейде 10 сыныптарда “Досым, саған ақ тілгеім!” атты тренингі лицей психологы А.Толетаеваның басшылығымен өткізілді. Тренингте сынып оқушылары мейірімділік, адалдық, бірі- біріне деген қамқорлық туралы ойларын ашық айтып, ыстық ықыласты тілектерін білдірді. Тренингте белсенді оқыту әдіс- тәсілдері қолданылды. «Біз өсіп жатқан өлке» тақырыбында 2-сыныптар арасында сурет көрмесін ұйымдастырылды. Кішкентай суретшілер туған өлкесіне деген махаббатын әсем бояуларымен көмкеріп, салған суреттерін мазмұнды әңгімелеп берді. Байкулова К.М 6 сыныптарда «Жаным толы жақсылық» атты тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты оқушыларға өмір деген - дос жаранға қамқор болуды, сананы толтырған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыруды, өзгеге жақсылық тілеушісі болуды дәріптеді.

Дата: 11.03.2019, 10:04 Автор: Школы и сады г. Балхаш