"Заманауи жағдайда МЖМББ стандартын жүзеге асыру" семинары

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-ның педагогтарды курстан өткізудің 2019 жылғы кестесіне және білім мекемелерінен түскен сұраныстарға сәйкес Балқаш қаласында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған 3 күндік оқыту семинары болып өтті. Оқыту семинарының тақырыбы: "Заманауи жағдайда МЖМББ стандартын жүзеге асыру". Барлығы 56 мұғалім қатысып білімдерін шыңдады. Семинарды өткізген институттың бас тренерлері Шадетова Алтынгуль Кенесовна мен Кисабекова Макта Егинбаевна ұстаздарға білімнің жаңаруы бойынша әдіс-тәсілдер мен технологияларды үйретіп, тәжіриге енгізу жолдарын көрсетті. Қазіргі таңда ұстаздар үздіксіз оқуы керек, себебі өзгеріс, жаңалық көп. Осы орайда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ-на семинар ұйымдастырып бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Әлі де тығыз қарым-қатынас жасап, жұмысымызды жандандырамыз деген ойдамыз.

Дата: 11.03.2019, 9:49 Автор: Школы и сады г. Балхаш