«Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» апталығы

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы білім мекемелерінде онкүндік жалғасуда. Жалпы білім беретін №9 орта мектепте 2019 жылдың 01 ақпан мен 12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. Жоспарға сай өзі өзі тану пәні мұғалімі Сагимбекова Динара Рахатовна салтанатты жиынды құттықтау сөзімен ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. Жиында «Үгіт насихат» тобы ізгі тілектерін, мейірімділік пен достыққа тоқталса, кітапханашы Түгелбек Ақерке Хасенқызы «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарлама авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Ал 1- 11 сыныптар бойынша «Мейірімділік – асыл қасиет» атты ашық сынып сағаттарын өтсе, 04.02 күні Сагимбекова Динара Рахатовна «Дос болайық бәріміз» тақырыбында 6Ә сыныбында ашық сабағын топқа бөліп, әр түрлі әдістерді, ақпараттық технологияны қолдана отырып, жағдаяттарды шешкізе отырып, постер қорғатып, шығармашылық жұмысқа баурай отырып өткізді.

Дата: 11.03.2019, 9:38 Автор: Школы и сады г. Балхаш