30.09.2017ж. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында қала әкімінің қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті
![30.09.2017ж. М.Хамзин атындағы мәдениет сарайында қала әкімінің қатысуымен мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын болып өтті](/media/img/journal/59cf6de11ddb6.jpg)
Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады.
Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі А.М.Аглилулин ұстаздарды мерекесімен құттықтай келе, Т.А. Гордеева – жалпы типтік мектеп интернатының тәрбиешісі, Б.С.Асылжанова – өнер мектебі, Қ:С:Мұхамеджарова – «Балауса» балабақшасы, Ж.Д.Абдиров – Ә.Мусин атындағы гуманитарлы – техникалық колледжінің оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасар, М.Қ.Жұмырова - №4 мектеп – интернатының мұғалім – дефектологі, З.А.Джакупова - №15 мектеп - лицейінің мұғалімі, Р.Б.Алибиева – Балқаш техникалық колледжінің ұстаздарды қала әкімінің құрмет грамотасымен марапатталды.
Қала әкімінің алғыс хатымен Г.О.Айдарханова - №25орта мектебі, К.Б.Бірлікбаева – оқушылар сарайы, Б.Т.Кульбаева - №15 мектеп – лицейі, Г.Б.Кудышева – «Алпамыс» балабақшасы, Ж.К.Тезекбаева – Балқаш қаласы балалар үйінің тәрбиешісі, А.Ш.Нұсқабекова – Политехникалық колледжінің мұғалімдері марапатталды.
«За верность профессии» номинациясымен Б.Б.Мейрамгазин - №16 мектеп ұстазы, Н.Н.Смирнова - №17 мектеп ұстазы, А.Ш.Магрупбекова №7 мектеп – гимназиясы ұстаздары марапатталды.
«Шәкірт жүрегінен жол тапқан» номинациясымен Е.А.Алимжанов – оқушылар сарайы Шахмат клубының жетекшісі, Г.С.Жексембаева – өнер мектебі директорының орынбасары, В.Ю.Бажбенова – «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі марапатталды.
«Педагог - новатор» номинациясымен Т.Н.Лось - №1 мектебінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, О.А.Стаханова - №4 мектептің биология пәнінің мұғалімі, А.Т.Садвокасова - №15 мектеп – лицейінің математика пәнінің мұғалімдері марапатталды. Құттықтаймыз!!!