Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу

   Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің 6-9 сынып оқушылары арасында 2021 жылдың ақпан айының 23-і күні Балқаш қаласының Нұр Отан партиясының өкілі Алишев Болат Амангелдиновичтің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық деген не?»  тақырыбында іс-шараны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.М.Жолдасбекова мен Д.Ж.Казыбаева ұйымдастырды.

    Мақсаты:1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу    жағдайлары жайлы түсінік  қалыптастыру.Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту

2.Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. 3.Патриоттық тәрбие қалыптастыру.

     Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Іс-шара барысында оқушыларымызға көптеген мәліметтер берілді және өздерін толғандырған сұрақтарға оқушыларымыз жауап алды.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, мақсатты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар дей отыра бүгінгі іс- шарамызды қортындыладық.