Размер шрифта:

Қыс мезгілінде білім беру ұйымдарындағы сабақтардың температуралық режимі туралы

 

Құрметті ата-аналар!

       Қарағанды ​​облысының білім беру мекемелерінде қолайсыз ауа райы жағдайында сабақтарды тоқтату туралы

Ұсыныстар (28.10.2022 ж.)

 

 

Уважаемые родители!

 

   1. Сабақты тоқтату күндері жалпы білім беру ұйымында   сабақтарды тоқтату және оқу процессін ұйымдастыру тәртібі

1.1. Білім беру ұйымындағы сабақтар келесі ауа-райының бірі болған жағдайда тоқтатылуы мүмкін:

0-4 сыныптарда:

  • ауа температурасы минус 250С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;
  • желдің күші 17 м/с дейін және бұрқасынмен болса;
  • егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

5-9 сыныптарда:

  • ауа температурасы минус 30 С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;
  • желдің күші 20 м/с дейін және бұрқасынмен болса;
  • егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе;

10-11   сыныптарда,    кәсіптік лицейларда,     колледждарда  (1-2      курс студенттері үшін):

  • ауа температурасы минус 35 С және одан төмен, ал жел 2 м/с немесе одан да көп жылдамдықта болса;
  • желдің күші 25 м/с дейін және бұрқасынмен болса;
  • егер жердің қатты мұздылығы және тайғақтығы оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе.

1.2. Қолайсыз ауа райы метеожағдайларында сабақтың тоқтатылатындығы туралы ақпаратты білім беруді басқару органдары халыққа:

  • қалаларда телевидениедегі жүгірпе жол түрінде;
  • қалаларда және аудандарда радиодан тарату;
  • әкімдіктің, білім басқармалары мен бөлімдерінің сайттары арқылы;
  • 169 телефоны (ақылы анықтама) арқылы;
  • әкімдіктердің диспетчерлік қызметі;
  • әлеуметтік желілер;
  • білім беру ұйымының, сынып жетекшілерінің немесе білім беру ұйымы әкімшілігінің кезекшілері арқылы хабарлайды.

Сабақтың тоқтатылатыны туралы хабарлау:

Сағат 6.45–8.00-ге дейін – бірінші ауысым үшін,

сағат 11.15–13.00-ге дейін – екінші және үшінші ауысым үшін.

2. Жалпы білім беру мекемесі әкімшілігінің функциялары

2.1. Білім беру ұйымының директоры:

2.1.1.Оқу үдерісіне қатысушылардың барлығын сабақтың тоқтатылған күндері туралы білім беру ұйымының жұмысын ұйымдастыруды реттейтін құжаттармен таныстыруды ұйымдастыруды бақылауды жүзеге асырады;

2.1.2.Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымы қызметкерлерінің жұмыс кестесінің сақталуын, сабаққа келген оқушылардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылайды;

2.1.3.Оқушылардың оқу бағдарламаларын игеруін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын бақылайды;

 2.1.4.Сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылдайды.

3. Сабақ тоқтатылған күндері мектептердегі педагогтердің функциясы

3.1.Сынып жетекшісі, куратор:

3.1.1.Сабақтың тоқтатылғандығы туралы ақпаратты білім алушылар мен ата-аналардың (заңды өкілдердің) назарына жеткізеді;

3.1.2.Сабақ тоқтатылған күндері сабаққа келген білім алушылардың есебін қатаң жүргізеді, білім беру ұйымының басшысына білім алушылардың саны туралы баяндайды, сабақ тоқтатылған күндері білім беру ұйымының педагогикалық және басқа қызметкерлерінің білім алушыларды үйге қайтаруына жол бермеуін бақылауды жүзеге асырады;

3.1.3.Сабақ аяқталған соң ата-аналарының (заңды өкілдерінің) шығарып салуымен білім алушылардың үйге ұйымдасқан түрде қайтуын қамтамасыз етеді;

3.1.4.Оқушылардың күнделіктерінде, сайтта сабақ тоқтатылатын күндерді белгілеу үшін ауа райы жағдайын анықтау кестесі, сабақты тоқтату күндерін хабарлау уақыты және хабарландыру беретін бұқаралық ақпарат құралдары телефондарының нөмірлері туралы мәліметті орналастырады;

3.1.5.Ата-аналарды (заңды өкілдерді) олардың балаларының сабақ тоқтатылған күндердегі, оның ішінде білім алушылардың қашықтықтан оқыту нысандарын қолдану және өзіндік жұмыс жағдайындағы оқу әрекетінің қорытындысы туралы хабардар етеді.

4. Сабақ тоқтатылған күндері білім алушылардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) құқықтары мен міндеттері

 4.1.Сабақ тоқтатылған күндері балаларының білім беру ұйымына бармауы туралы шешімді өздігінен қабылдайды;

4.2.Білім беру ұйымының сабақ тоқтатылған күндердегі жұмыс кестесімен танысады.

4.3.Сабақ тоқтатылған күндері баласының білім беру ұйымына баруы туралы шешім қабылдаған жағдайда, білім беру ұйымына баруы мен қайтуы жолындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

 

 

              «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ