Қош бол, жайдары Жаз!
28-08-2018 12:00
Қош бол, жайдары Жаз!

Көңілді жаз, тамаша,
Ән саламыз жараса
Тақпақ айтып би - билеп,
Ойнаймыз - ау таласа.
Көңілді жаз, тамаша,
Күледі күн қараса.
Жағасында ойнаймыз,
Жалаң аяқ балаша!-демекші, міне жайдары жазбен де қоштасатын сәт келді...
Біздің балалар жаз бойы асыр салып ойнап, бірнеше ойын-сауық, ертеңгілік, спорттық жарыстарға қатысты. Биылғы жаз өте көңілді өтті. 
Бүгінгі ойын-сауық та көңілді өткенімен, соңында Жазбен қоштасып, келесі жылы жазды асыға күтетіндіктерін айтты.