"Туған жерге туыңды тік" патриоттық - спорттық квест ойыны
2018 жылғы 05 маусымда «Бөбек» балабақшаснының қабырғасында «Туған жерге Туыңды тік!» патриоттық квест ойыны өтті. Ойынға екінші кіші және ортаңғы топ бүлдіршіндері қатысты. Квест ойынының мақсаты – балалардың танымдық қабілеттерін арттыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту болып табылады.
Аталмыш іс –шара 5 кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңде балаларды сүйікті ертегілерінің кейіпкерелері күтіп, тапсырмалар ұсынып отырды. Ойын соңында Туды алғашқы болып тапқан № 3 ортаңғы топ балалары жеңіске жетті. Ертегі кейіпкерлері ептілік танытып, ұшқыр ойларын ортаға салған бүлдіршіндерімізге квест ойынынан естелік ретінде боямалар табыстап,мерекелік көңіл – күй ұсыну мақсатымен флешмоб билеуге шақырды.