"Екі жұлдыз" сайысы
«Бөбек» МЖДМ КМҚК педагогтары арасында, бүгін наурыздың жетінші жұлдызында «Екі жұлдыз» атты музыкалық байқауы өтті. Аталмыш іс - шарада тәлімгер мен жас маман жұптасып екі кезеңде өз өнерлерін ортаға салды. Бірінші кезең – «еркін сайыс» - әр жұп шығармашылығын танытып, өнерлерін паш етті. Екінші сайыс – музыкалық ән орындау кезеңі. Нәтижесінде, «Үйлесімді жұп» номинациясымен «Гакку» тобы, «Шығармашыл жұп» - «Арулар» тобы марапатталды. ІІІ орынды – «А2» тобы, ІІ орынды «Крутые» тобы, І орынды – «КуГа» тобы иелендірсе, «Гран при» жүлдесін қанжығаларына «Галактика» тобы байлады. Біздің ұжым өнерлі тұлғалардан тұратын, таланттарға бай ұжым! МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!