"Анашымды сүйемін" "Сырттай балабақша" жобасының ертеңгілігі
Бүгін, 2018 жылғы 07 наурызда «Бөбек» МЖДМ КМҚК «Сырттай балабақша» жобасының қатысушыларымен мерекелік кездесуі өтті. Мерекелік кездесу ерекше өтті. Ересек топтарының бүлдіршіндері қонақтарға өз өнерлерін сыйласа, ертегі кейіпкерлері балаларға көңілді ойындарын ала келді. Соңында балаларға тәтті сыйлық, аналарға педагогтардың қолдан жасалған әсем гүлдерін сыйға ұсынылды.