Семинар-практикум "Ата-аналар мен педагогтар арасындағы қарым-қатынас"
22-02-2018 16:55
Семинар-практикум

2018 жылғы 22 ақпанда «Бөбек» МЖДМ КМҚК жылдық жоспарына, «Біліктілік баспалдағы» жобасының жоспарына сәйкес «Ата – ана мен педагог арасындағы қарым - қатынас» тақырыбында тренинг элементтері қосылған семинар – практикумы өтті. Аталмыш іс – шарада педагогтар «Резервуар», «Қиың ата - ана», «Шеңбер», секілді жаттығуларды орындады. Бұл жаттығулар шиеленіс орын алған жағдайда іс – әрекеттер тактикасын дұрыс орнату үшін, бір мәмлеге келу үшін, осы орайда әр педагог  тығырықтан шығудың жолдарын іздестірді. «Қарым – қатынас гүлі» атты жаттығуы ата – анамен позитивті байланыс орнату үшін арналған. Семинар – практикум соңында «Бір тілек» рефлексиясы орын алды.