"Теледидар" ашық ҰОҚ
22-02-2018 16:45

«Бөбек» МЖДМ КМҚК Даму стратегиясының «Біліктілік баспалдағы» жобасының жұмыс жоспарына сәйкес жас мамандардың біліктілігін жетілдіру мақсатымен ашық ҰОҚ өткізіліп жатыр. Сондай ҰОҚ ортаңғы тобында «Шығармашылық» білім саласы, «Сурет салу» бөлімі бойынша «Теледидар» тақырыбында өтті. Оқу қызметінде дәстүрден тыс сурет салу тәсілі көрсетілді. Сонымен қатар, балалар өздерінің күнделікті теледидардан көріп жүрген мультфильмдерін режиссер түсіретіні туралы, алдын ала сюжетті кескін суреттерді суретші – аниматорлар әзірлейтінін білді. Жұмыс барысында, педагог балалардың шығармашылығына еркіндік берді. Нәтижесінде, салған суреттерге өздері «Бауырсақ ертегісі» - деп атау берді. Соңында кішкентай аниматорларға бояғыштар табысталды.