"Алғыс айту күні"
02-03-2016 07:41

2016 жылғы 29 ақпаннан бастап «Бөбек» МЖДМ КМҚК  «Алғыс айту» күніне арналған іс – шаралар ұйымдастырылды. «Алғыс айта білесіз бе?» тақырыбында

ата – аналармен, балалармен сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында ата – аналар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің алғыстарын туғандарына, балабақша ұжымына білдірді. Сонымен қатар, осы аптаның соңына дейін жалғасатын іс – шара

«Алғыс айту жәшігі».Бұл жәшікке ата – аналар балалармен бірге тәрбиешілеріне деген ілтипаттарын, алғыстарын кішкентай жүрек формасындағы ашық хатқа жазады. «Асар» науқаны да ата – аналарымыздың назарынан тыс қалмады. Жағдайы төмен отбасыларға көмек беруге әзір екендерін көрсетіп, жүрегімізді елжіретті. Ұйымдастырлыған іс – шараларымыз  ата-аналарға, балабақша ұжымына ерекше жылулық сыйлады. Себебі, шын жүректен алғыс айту – жақсылықтың нысаны.