Тақырыптық кездесу
10-11-2017 11:04
Тақырыптық кездесу

Даму Стратегиясын іске асыру мақсатымен, «Жас дойбышылар» жобасы аясында «Бөбек» МЖДМ ҚМҚК қабырғасында бүгін 2017 жылғы 10 қарашада «Балқаш қаласының дойбы Федерациясы» ҚБ орындаушы комитетінің директоры Шалов Мұрат Тәңірбергенұлы мырзамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында дойбы ойының ережелері көрсетіліп, ерекшеліктері түсіндірілді.

         Бұл кездесудің мақсаты дойбы ойыны бойынша вариативтік компонентке жетекші педагогтардың құзыреттілігін арттыру болып табылды. Мұрат Тәңірбергенұлы балабақшадағы дойбы үйірмесіне қатысатын балалардың ойын ойнауда алғашқы түсініктері барын атап өтті.

         Кездесудің нәтижесінде, тәрбиешілер дойбыдан өз жұмыстарына көмек ретінде қажеттіліктің туындағанын айтып, Мұрат Тәңірбергенұлының дойбыдан жеке студиясында жұмыстан тыс уақыттарында дәріс алуға келісім жасады.