"Прощай детский сад"
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.
Биікке ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерден арман отын жағыңдар!
Жақсы оқып, алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар!
Бәріңді де "сәбиім" деп сүйетін,
Өздеріңді сағынып біз жүрейік.
Құтты болсын қадамдарың аттаған,
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!