Қауіпсіздік күні
04-08-2017 08:33
Қауіпсіздік күні

Бүгін біздің балабақшада ересектер тобының балаларымен «Өрт қауіпсіздік ережелері» атты танымдық ойын-сауық өтті. Балалар қауіпсіздік туралы жұмбақтарды шешіп, тақпақтар айтты, викториналық сұрақтарға да жауап берді. Соңында, өрт қауіпсіздігі жайлы видеороликтер көрсетілді. Балалар өрт қауіпсіздігін сақтау үшін не істеу керектігі жайлы маңызды ақпараттарды өз қоржындарына толтырды.