Қалалық мұражайға экскурсия
2017 жылғы 19 мамырда Халықаралық мұражай күніне орай, "Бөбек" МЖДМ КМҚК ересектер тобының бүлдіршіндерiне, туған елінің, жерінің тарихын білсін деген мақсатпен, Балқаш қалалық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Балалар таныс жерлерінің кiшiрейтiлген бейнесін көріп, мәз - мейрам болып қайтты. Туған өлкесінің тарихын тыңдап қана қоймай, өз көздерімен көргенге, қуанышпен қатар, мақтаныш сезімі ұялап, алған әсерлерімен бөлісіп, кешке ата - аналарына қоймай- қоймай айтып жатты.