"БІЛІКТІЛІК БАСПАЛДАҒЫ" психологиялық - педагогикалық жобасы іске асуда
05-05-2017 13:50

Бүгін, 2017 жылғы 05 мамырда "Бөбек" МЖДМ КМҚК "Біліктілік баспалдағы" атты психологиялық - педагогикалық жобасы аясында, жас мамандарға "Ғажайып жіптер" үйірмесінің жетекшісі - бірінші біліктілік санатты педагог -Джакупова Үміт Советқызы вариативтік компонентінен ашық қаралым өткізді. Ересектер тобының балалары қонаққа келген қанқызына көмектесу үшін, тоқыма жіптерін ұсақ бөлшектерге қиып, кескінге сәйкес жапсырды. Соңында Қанқыздың достары "тіріліп", балаларға көңілді би билеп берді. Достарымен қауышқан Қанқыз балаларға тәтті сыйлықтарды тарту етті. Вариативтік компоненті қызықты өткені соншалықты, тіпті жас тәрбиешілер де отырмай, балаларға көмектесе кеткені бар.