Армысың, Әз Наурыз!
14-03-2017 06:45
Армысың, Әз Наурыз!

2017 жылғы 14 наурызда "Бөбек" балабақшасының екінші кіші топ бүлдіршіндері қазақтың жаңа жылын алғашқылардың бірі болып қарсы алды. Балаларға қонаққа әже келіп, халқымыздың ежелден келе жатқан салтының бірі - "Бесікке салу" рәсімін көрсетті. Әжеге құрмет ретінде балаларға иығына орамал жауып, ән - жырларын арнады. Мереке барша балалардың "Қара жорға" биімен өз соңын тауып, мерекелік нотада аяқталды.