Қәне, қысты бояйық!
Қыс келді, қар жауды. Жердің бетіне ақ көрпе төселгендей.
Қыстың аязына қарамастан, бұл мезгілді ұнататын адамдар өте көп, әсіресе балалар.
Міне, біздің балабақшамыздың ата- аналары, мен тәрбиешілері балалары үшін ауланы безендіруге кірісіп кетті.
Қандай керемет десеңізші, түрлі бояумен боялған ойын мүсіндері, сырғанақ төбешіктері, түрлі саты жолдары,,.
Балалар, қысқы ойынға алаңдарың дайын, ал кеттік!