Облыстық форум
Балқаш қаласында өткен облыстық «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім мемлекет саясатының басымдығы» форумының аясында біздің «Бөбек» балабақшасында «Дойбы ойыны арқылы балалардың логикалық ойлау қабылетін арттыру» тақырыбында, іс-тәжірибемен алмасу мақсатымен, шебер- сынып өтті. Біз үш жыл бойы жүргізілген жұмысымыздың нәтижесімен бөлістік. Балалардың дойбы ойыны арқылы ойлау қабылеттері қалыптасып, биылғы оқу жылынан бастап енгізілген робототехника бағдарламасын оңай меңгеруіне өз ықпалын берді.