«Күзгі баққа саяхат»
30-10-2019 15:52
«Күзгі баққа саяхат»

Бөбек» балабақшасында 30 қазанда ересек топ балаларының қатысуымен «Күзгі баққа саяхат» атты ойын- сауығы болып өтті. Мерекеге Күз ханшайымы келіп, балалар күзгі орманға қызықты саяхат жасады.
Ең жарқын және ұмытылмас таңғаларлық сәт ол - Күз ханшайымының барлық балаларға әкелген жеміс тола себеті болды. Балалар мереке қонағына күз туралы әндер шырқап, көңілді ойындар ойнап, би биледі және «Күз сыйы» көрінісін өлең жолдарымен сахналады. Балабақшадағы мереке – бұл әрқашан сыңғырлаған балалар күлкісі, шаттық пен көңілді сәт. Ойын- сауық жарқын, көңілді, қызықты өтті.