«Ана тілім-ұраным»
13.09.2019 жылы «Бөбек» балабақшасында Қазақстан мемлекеттік тілдер күніне арналған «Ана тілім-ұраным» атты ойын-сауығын тіл мамандары мен музыка жетекшісі кеш өткізе отырып, балаларды ана тілді құрметтеуге және де үштұғырлы тіліміздің дамуына үлес қосуына ықпал етті. Ойын-сауық балалардың ҚР әнұранын орындауымен бастады. Мерекемізге әр ұлт өкілдері қонаққа келіп, өз тілдерінде ән айтып,ойын ойнап,сыйлықтарымен бөлісті. Ойын-сауық соңында « Көңілді оркестр» әуенді ойыны ойналып, «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде барлық топ балалары орындады.
Әрбір тіл-бұл тұтас әлем.Тіл-халықтың жаны,оның қуанышы, қазынасы. Барлық тіл тек құрметке лайық. Достығымыз берік болсын, әрқашан бейбіт аспан, жарқын күн тілейміз!