«Жадыраған жаз»
Сапырған сары қымызын,
Барамын жасыл жайлауға.
Қызықтап көркін күн ұзын,
Асыр сап көкте ойнауға.
Жазды ыстық сүйемін,
Сайраңдап жүремін.
Суына шомылам,
Күніне күйемін- демекші, 28.08.2019 жылы біздің балабақшада жаз мезгілімен қоштасу күніне арналған «Жадыраған жаз» атты ойын-сауық өтті.Балалар жаз мезгілін қалай өткізгенін айтып, қызықтарымен бөлісті.
Балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлауға Сайқымазақ Филя, Карлсон, Қуыршақ, Жаз қонаққа келді. Балалар қонақтармен түрлі ойындар ғана ойнап қоймай, би билеп, ән салып, жаз туралы тақпақтар да айтты. Мереке соңында Жаз мезгілі балалармен қоштасып, келесі жазда қайта қауышуды асыға күтетінін айтты.