"Судың басы бұлақ болса..."
02-08-2019 13:06

"Судың басы бұлақ болса..."
2019 жылғы 02 тамызда балабақшада «Нептун» күні атталып өтті. Аталмыш іс – шараның мақсаты сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балаларды өзара достық қарым - қатынасқа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, балалардың физикалық қабілеттерін дамыту, танымдық – эмоционалдық құзыреттіліктерін арттыру болып табылды. Іс – шарада балалар сумен ойнауға арналған ойындарды ойнап, су перісі Нептунмен бірге билеп бойларын жазса, соңында көңілді су шашпақ ойындарын ойнап көңілдерін көтеріп қайтты. Жаздың ыстық күндерінде бойды шынықтырумен қатар, жағымды эмоция сыйлайтын мерекеміз дәстүрге айналуда.