Размер шрифта:
"Кітапхана күні"
26-07-2019 12:55

Балабақшадағы "Кітапхана күні". Дәл осы тақырыпқа сәйкес,осы аптада, біздің бүлдіршіндер кітаптарды қалай ұстау керек, қандай түрлері болатыны жайлы ақпарат тәрбиешілерден алып отырды. Ал толық ақпаратты алу үшін балабақшамызға қонаққа Балқаш қаласының орталықтандырылған КММ кітапхана жүйесінің № 1 кітапхана филиалынан арнайы маман келіп, шағын көрме ретінде кітаптар әлеміне саяхат ұйымдастырды. Бұл серіктестігіміз дәстүрге айналғандай, себебі біздің балақайлар кітапханаға жиі барып тұрады.