"Біз бақытты баламыз!"
03-06-2019 12:57

"Бөбек" балабақшасында Халықаралық балалар күніне орай балабақша балаларының қатысуымен "Біз бақытты баламыз" тақырыбымен мерекелік ойын- сауық өтті. Балалар мерекеде өнерлерін көрсете отырып, мерекеге келген Жаз Ханшайымымен ән айтып, қызықты «Паровоз» ойынын ойнады. «Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау» дей отырып, кішкентай бүлдіршіндерімізді «1 Маусым балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!