Кітапханамен ынтымақтастық
31-05-2019 11:16
Кітапханамен ынтымақтастық

Бүгін кітапхана қызметкерлері біздің балаларға жылулық пен махаббат сыйлады. 
Жаздың бірінші күнімен дәл келетін балаларды қорғау күні- Халықаралық деңгейдегі мерекелердің бірі.
№1 кітапхана- филиалының қызметкерлері М.К. Утепова Н.М. Сақтағанова балалар мерекесі қарсаңында «Бақытты балалық шақ» әдеби сандықша атты айдармен «Бөбек» балабақшасының №9-шы ересектер тобында болып қайтты.
Бүлдіршіндеріміз сиқырлы әлемге саяхат жасады. Олар бірден ойынға қосылды: «Жануарларды білеміз бе?», «Заттарды табамыз», ертегі және ертегі кейіпкерлерін таба отырып, Қырмызы, Шыңғыс, Юлия, Айзере, Ботагөз қойылған сұрақтарға жауап берді. 
Іс- шараның соңында бүлдіршіндеріміз кітапхананың басты қазынасы- кітаптармен танысты. Олардың ішінде "Дауысқа құлақ асайық" музыкалық кітаптар, пазл- кітапшалар, сөзжұмбақтар және т.б.