Размер шрифта:
Балаларды қорғау күні.
01-06-2019 11:09
Балаларды қорғау күні.

Дәстүр бойынша, 1 маусымда Балқаш қаласында «Бақытты балалық шақ үшін» атты мерекесі дайындалды және өткізілді. Мейрам мерекелік көңіл-күйді тудырған көңілді әннен басталды. Балаларға қонаққа Қолтырауын, Жұлдызнама, Варвара, Дәрігер келді. Кейіпкерлермен бірге балалар ойындарға, ерекше эстафеталарға қатысып, бұлтсыз балалық шақ туралы өлең оқып, спорт және достық туралы ән айтып, би биледі. Мерекеге біздің қаламыздың балабақшалары да қатысты. Біздің биші қыздарымыз "Домбыра биімен" көрермендерді тәнті етті. Балалар үлкен сахнада алғаш рет өнер көрсетті. Мереке соңында балаларға алғыс хаттар мен жұмсақ ойыншықтар берілді.