Педагогический кросс
11-01-2019 11:07
Педагогический кросс

2019 жылғы 11 қаңтарда «Бөбек» МЖДМ КМҚК Даму стратегиясын іске асыру мақсатында, «Біліктілік баспалдағы» педагогикалық жобасы аясында «Педагогикалық кросс» өтті. Жұмыс барысында педагогтар кинезиологиялық жаттығуларды орындау арқылы топтарға бөлініп ұсынылған тапсырмаларды орындады. Кросс бес кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңнен өткен сайын педагогтар өздерінің ұшқыр ойларын, қиялдарын, шығармашылық белсенділіктерін арттырса, «Бес саусақ» рефлексиясында әріптеске деген сыйластық, мейірімділікті көрсете алды. Осындай ұйымдастырылған шаралар педагогтарымыздың уәжін көтеретіні сөзсіз, себебі педагогтың мәртебесін педагог қана биікке өрлетіп жетелейді.