"Ғажайыптар әлемі" Сырттай балабақша
2018 жылғы 28 желтоқсанында «Сырттай балабақша» облыстық – әлеуметтік жобасының қатысушыларына жаңажылдық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу жылдағы дәстүрге сай мерекелік ертеңгілік түрінде өтті. Мереке барысында Кішкентай бөбектеріміз Аяз Атаның жоғалған сиқырлы таяғын тауып беруге көмектесті. Алғыс ретінде қонаққа келген ертегі кейіпкерлерімен қызықты әрі көңілді ойындарын ойнап, тәтті сыйлықтарын алып қайтты.