«Бөбекжайда тәрбие мен білім беру үдерісінде ата-аналарға психологиялық көмек беру»
10-01-2025 15:35
«Бөбекжайда тәрбие мен білім беру үдерісінде ата-аналарға психологиялық көмек беру»

Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері

апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы. «Адамға ең

 бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың

 хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген Әл-Фараби.

Осыған байланысты бөбекжайымызда баланы өмірге бейімдеуде бөбекжай,

     бала және ата-ананың орны бөлек. Адам өмірінде жанұя институтының рөлі ертеден бері зерттеу

     пәні болып келеді. Жанұяның бірегейлігі - ең басты функциясын орындау үшін, яғни баланың

     өмірге келуі мен тәрбиесіне қажетті бар мүмкіндіктерімен байланысты. Жанұяда ғана баланың

     жеке тұлғасы қалыптасады. Оған әсер ететін басқа қоғам, әлеуметтік институттарды жанұялық

     тәрбие үйлестіреді. Жанұяда ғана алғаш рет бала алдында таңғажайып әлемнің есігі ашылады.

     Осы әлемді баланың жағымды, жағымсыз, қызықты, қатігез, т.б. қабылдауы да жанұяға тікелей

     қатысты. Жанұяда үлкен тәрбиелік потенциал орнаған. Оны толық қолдана білу баланың

     толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуы, дамуы мен гармониялық өсуіне жағдайлар жасау

     болып табылады. Қазіргі таңда жанұядағы тәрбиелік потенциал өз шамасында тиімді орындалмайды.

     Себебі, ата-аналарда тәрбиелеу бағдарламасы жетіспейді, олардың педагогикалық білімі аз, бала

     ның жас және психикалық ерекшелігі мен қажеттілігі туралы нақты ұғымдары жоқ, өздерінің

     тәрбиелеу әдістерін сараптай алмайды. Мұның салдары тәрбиелеу нәтижесінің төмендеуіне

     әкеледі. Ата-аналардың бала тәрбиесіне бұрыс қарым-қатынасы баланың жеке тұлғалық

     қалыптасуына кері әсер етіп, әлеуметтік бейімделуінің бұзылуына, жүйкелік ауытқулардың пайда

     болуына жол береді. Ата-аналарда кездесетін бұл қателіктер олардың мектепке дейінгі жастағы

     балаларды тәрбиелеу жүйесіндегі құзырлықтың жеткіліксіздігімен байланысты болады. Заманауи

     ата-аналар бір жағынан, білімді адамдар, ал екіншіден, олардың педагогика, психология, физиоло

     гия және өзге білім салаларынан хабары аз. Қазіргі таңда кез-келген білімді ата-аналарды бала

     тәрбиесі туралы көптеген сұрақтар ойландырады. Сондықтан жанұя өзінің тәрбиелік қызметінде

     көмекті қажет етеді