"Ойын-бала үшін нағыз өмір, үйде ойын процесін ұйымдастыру"
08-01-2025 15:51

Ойын – баланың дамуы үшін өте маңызды құрал. Бұл тек көңіл көтеру емес, сонымен бірге баланың психологиялық, әлеуметтік және физикалық дамуына да ықпал етеді. Ойын барысында балалар әлемді таниды, өз эмоцияларын басқаруды үйренеді, проблемаларды шешуге машықтанады, тіл байлығын дамытады. Сондықтан ойын – бала үшін нағыз өмірдің көрінісі, даму алаңы.