12 сәуір - Космонавтика күніне арналған ересектер тобындағы тақырыптық сабағы
12-04-2021 17:53
12 сәуір - Космонавтика күніне арналған ересектер тобындағы тақырыптық сабағы

12 сәуір - Космонавтика күніне арналған ересектер тобындағы тақырыптық сабақ

 

Бүгін «Ер Төстік» бөбекжайында  ересек топ балаларына арналған 12 сәуір – Космонавтика күніне арналған тақырыптық сабақтар өтті.Сабақта балалар Қазақстан ғарышкерлерімен жақын танысып,ғарыш әлеміне зымыранмен саяхатқа барды.Ғарыш әлеміндегі жұлдыздардың ретімен атауларымен танысып жер шарын глобусты қарап тамашалады. Одан соң әлемде ең алғаш рет 12 сәуір күні арнайы дайындықтан өткен Ресей азаматы космонавт Юрий Гагарин ұшқаны туралы түсінік алды. Ал, Қазақстаннан ғарышқа ең алғаш ұшқан космонавтар Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев. Ал одан кейін ұшқан азаматымыз Айдын Айымбетов ағалары екені туралы түсінік берді. Балалар арнайы дайындалған ғарыш әлемі парақтарына аспан планеталарын жапсырып,ермексазбен планеталардың пішінін жасап макетін дайындады,сабақ өте қызықты және балаларға керемет ерекше әсер берді.