"Мен бәрін білгім келеді» жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығы
02-04-2021 16:01

Қарағанды қаласының Оқу әдістемелік орталығының  ұйымдастыруымен 2021 жылғы 9 наурыздан 1наурызға дейін "Мен бәрін білгім келеді» жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығы өтті. 

 

 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың практикалық-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы олардың табиғи-танымдық дамуы бойынша балабақша жұмысын жетілдіру мақсатында Қарағанды облысының  Оқу әдістемелік орталықтың бүгіннен бастап Жаратылыстану-танымдық сауаттылық апталығы бастау алып жатыр. Бүгінгі 9 наурыз тосынсыйлар мен жұмбақтар күні "Ерекшелік жанымда!" тақырыпта аптаның ашылуы болды.

Музыка залында ересек топ балаларына жұмбақ қонақтар келіп,балаларға жұмбақтар жасырып,шешуін бірге шешті.Әр түрлі ойын түрлерімен танысып біраз жұмбақ ерекшеліктермен танысты.

10 наурыз – Эксперименттер күні.Бүгін «Кішкентай зерттеушілер» тақырыбында балаларға таным саласының  сабақтары ерекше дайындықпен өтуде.Әрбір оқу қызметі әртүрлі әсер қалдырар ерекше ойындармен жалғасуда. Соның бірі ересек топ балаларымен даладағы серуен уақыттарында өткізілді.Серуен кезінде «Жасыру және іздеу» тәжірибе мақсатында бөбекжай маңындағы ағаштармен танысып, «Бұтағына қарап ағашын тап?» атты ойыны ойнатылды.Ортаңғы топ балаларына  қыс мезгілі кетіп,көктем келгенін тәрбиеші Асия Өміржановна таныстырды.

Түзету топтарында балалар әр-түрлі М.Монтессори ойындары ойнатылды.Ал ересек және орташа топтарда Ф.Фребель дидактикалық нұсқаулықтарымен танысып  6 негізгі «сыйларымен» ойын түрлері жүргізілді.