"Қазақ тілін меңгереміз!" қазақ тілі сауаттылық апталығы
01-03-2021 11:08

 

"Ер Төстік" бөбек-жайында Қарағанды облысының  оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырған "Қазақ тілін меңгереміз!" атты қазақ тілі апталығы

 

Қарағанды облысының  оқу әдістемелік орталығы ұйымдастырған  «Қазақ тілін меңгереміз» атты апталықтың бірінші күні «Ана тілі- тірегім, кеудемдегі жүрегім.»  мәнерлеп оқу сайысынан бастау алды. Апталықтың салтанаты Мемлекеттік Әнұранмен  ашылды.

Бүгін,22 ақпан күні«Ер Төстік» бөбекжайында педагогтар мен балалардан құралған  «Достық», «Бірлік», «Ынтымақ»  топтары сайыстың додасына түсті.Сайыс барысында, әр топ ақын- жазушылардың шығармаларынан ана тілі туралы өлең шумақтарын оқуда аса шеберлікпен орындау мәнерімен ерекшеленді.Сайыстың бұл бөлімі «Өлең - сөздің патшасы...» деп жарияланды.

Бұл шығармашылық турында педагогтар мен балалар бірлескен топтар ат салысты.Сайыстың екінші бөлімі «Құлақтан кіріп,бойды алар ...» деп аталды.Осы турда топ мүшелері бірігіп,ана тілі туралы әндерді нақышына келтіре орындап, әр тыңдаушыға жақсы көңіл-күй сыйлады.Сайыс соңында «Бірлік» тобы жеңіске жетіп, І-орынға ие болды. ІІ- орынды «Достық» тобы жеңіп алса, «Ынтымақ» тобы ІІІ- орынды иеленді. Осындай нәтижемен сайыс өз мәресіне жетті.