Қашықтан оқыту: Ата – аналарға қажетті кеңес
02-02-2021 15:53

 

                                        Қашықтан оқыту: Ата – аналарға қажетті кеңес

 

Қaзaқcтaн Pecпубликacның Пpeзидeнтi Қacым-Жoмapт Тoқaeв 2020 жылдың нaуpыз айының 16-ынaн бacтaп xaлықтың қaуiпciздiгiн қaмтaмacыз eту мaқcaтындa eлiмiздe төтeншe жaғдaй eнгiзгeн бoлaтын. Ең алдымен, қашықтан оқыту дегеніміз не екенін түсініп алу маңызды. Қашықтан оқыту – білім алушының оқу іс-әрекетін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы белгілі бір арақашықтықта жүзеге асыру. Қашықтан оқыту уақыт үнемдеу, ақпарат алмасудың шексіз мүмкіндіктерін қамтамасыз ете алады. Алайда, бұл білім беру жүйесін оқытушылар, ата-аналар мен оқушылар бірден қабылдай қойған жоқ. Алайда еліміздің болашағы – тек қана мемлекетке немесе педагогтерге міндетті дүние емес. Десек те, қашықтан білім алу арқылы оқушы өздігінен ізденіп, білімін шыңдау үстінде.

Психологтардың айтуынша, адам кез келген нәрсеге дайындықты бастарда өз-өзіне сұрақ қойып отырса, мәселе оңай шешіледі дейді. Себебі: «Сұрақтар – бұл жауаптар». Осыған орай, сұрақтарды «Ең бірінші» әдісімен бастауды ұсынамын.

Ең бірінші НЕНІ білу қажет? Ең бірінші «2021 жылы да балам қашықтан оқи ма?» деген сұрақтармен өзіңізді де, мұғалімді де мазаламаңыз. Өйткені мұны дәл қазір ешкім білмейді. Үкіметті, індетті, елдегі қазіргі жағдайды кінәлап, уақытыңызды да, жүйкеңізді де шығындаудың қажеті жоқ. Білім жүйесі қашықтан оқыту форматына ең бірінші педагогтер мен білім алушылардың денсаулығын қорғау үшін көшті. Ал сізге ең бірінші балаңыздың амандығы керек. Қысқа-нұсқа: Қашықтан оқыту-амандық.

Баланың өміріндегі бас ұстаз да, ең бірінші жауапты адам да – ата-ана. Олай болса, балаңыздың оқу мен тәрбиесін қадағалау жауапкершілігін қолға алғаныңыз жөн. Психологтар жауапкершілікпен орындалған қай істің де нәтижесі жоғары болатынын айтады. Сондай-ақ кез келген жұмысты міндетсінбей, керісінше «міндетім» деп атқарған адам үшін ауыр жеңілдеп, қиындық оңай болып, мәселе жылдам шешіледі дейді. «Ең бірінші» деп аталатын психологиялық әдістің сұрағын басқа мәселелерді шешу үшін де қолданып көргеніңіз абзал. Ендігі кезекте, ата-аналарға арналған ұсыныс-кеңестердің бес қадамын қарастыратын боламыз. Олар төменде берілген.

Баланың тәрбие мен білім алу сапасын жақсарту үшін не істеу керек? Жағдай жасаңыз; Қолайлы орта қалыптастырыңыз; Басқарыңыз және қадағалаңыз; Ынталандырыңыз; Өзіңізді басқарыңыз. Аталған қадамдардың әрқайсысына жеке тоқталып кетейік. Қадам 1. Жағдай жасаңыз: Баланың жұмыс жасауына арналған орын ұйымдастырыңыз; Компьютермен немесе телефонмен, интернет желісімен қамтамасыз ету мәселелерін шешіңіз; Білім алу барысын ұйымдастырудың балама жолдарын табыңыз; Қауіпсіздік бағдарламаларын орнатыңыз.

Қадам 2.Қолайлы орта қалыптастырыңыз. Балаңызға жайлы, қауіпсіз және бақытты сезіне алатын, сүйіспеншілікке толы орта қалыптастырыңыз. Баланың көзінше жұбыңызбен ұрсысып-керісуіден және дауласудан аулақ болыңыз. Баланың қолынан келген әр іске мақтау айтыңыз. Баланың жұмсаған күш-жігеріне, әрі сол күш-жігерінің арқасында жетістікке жеткенде мойындаңыз. Балаңыз үй шаруасына өз үлесін қоса алуы үшін оған міндеттер мен мүмкіндіктер беріңіз. Балалар үшін отбасымен және достарымен берік қарым-қатынас құру маңызды. Бірге уақыт өткізіңіздер. Мысалы, күнделікті кешкі асты бірге ішіңіздер. Балаңызды тыңдаңыз және сезімдерін құрметтеңіз. Дұшпаны емес, досы болыңыз. Қолдау көрсетіңіз. Қиындықтарды жеңу кезінде бас біріктіріңіздер.

Қадам 3.Басқарыңыз және қадағалаңыз. Күн тәртібі, тамақтану, демалыс және тәртібі сақталуын қамтамасыз етіңіз. Баланың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Компьютер алдында өткізген уақытты қадағалап отырыңыз. Баланың істеріне қызығушылық білдіріңіз, қиыншылықтар мен жетістіктерді талқылаңыздар. Тәрбиешімен байланыста болыңыз. Қатал бұйрықты, қадағалауды қызығушылықпен ауыстыру керек.

Қадам 4.Ынталандырыңыз. Баланың болашағын, оның мақсаттарын, мүмкіндіктерін және тілектерін (сынаусыз және баға берусіз!) талқылаңыздар, әңгімелесіңіздер. Баланың қолынан келіп жатқан істерді ерекше атап, айтып жүріңіз. Кез-келген ісінде бір жақсы жағын тауып отырыңыз. Өтініш білдіруді және көмек сұрауды үйретіңіз. Көмек сұрау – әлсіздіктің емес, күштіліктің белгісі. Осыны санасына сіңіргенге дейін баланың есіне салып отырыңыз! Қолдау мен көмек алу көздері туралы ақпарат беріңіз.

Қадам 5.Өзіңізді басқарыңыз. Өз эмоцияларыңызды басқаруды үйреніңіз. Балалар дөрекілік көрсетсе, сіздер лезде ашу шақыруыңыз мүмкін, бірақ дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз. Сіз – ересек адамсыз, ал балаларға эмоцияларын тізгіндеу немесе қисынды ойлау, әсіресе, әлденеге көңілдері түссе, қиын болады. Егер сөйлесу үшін екеуіңіз де тым ашуланып тұрсаңыздар, сабырға келу үшін үзіліс жасаңыздар. Өз мінез-құлқыңызды бақылауда ұстаңыз. Шиеленісті сездіңіз бе – қашықтық сақтаңыз.

Эмоциялық жүктемеден арылуға көмектесе алатын тәсілдер:Тынысыңызды қалыпқа келтіріп, 10-ға дейін санаңыз. Физикалық жаттығулар жасаңыз. Су ішіңіз. Назарыңызды басқа жаққа бұрыңыз. Серуендеңіз. Осындай қадамдық тәсіл сізге қалай көмектеседі? Баланың тұлғалық қасиеттерін дамытудағы мүмкіндіктерді арттырады. Ата-аналардың саналылығын (өзін және өз мінез-құлқын басқара білу қабілетін) арттырады. Отбасында жайлы орта қалыптастырады. Баламен өзара сенімге толы қарым-қатынас орнатады. Эмоциялық байланыстарды жөнге келтіреді. «Бала – Тәрбиеші – Ата-ана» жүйесіндегі қарым-қатынастарды жақсартады.