Медициналық кабинетінің қызметі
18-12-2020 22:18

                                                   Медициналық кабинетінің  қызметі

 

Балабақшаның медициналық блогына кіреді:

* медициналық кабинет

* емшара кабинеті

* егу кабинеті

* оқшаулағыш.

Медициналық кабинетті жабдықтау СанПиН талаптарына сәйкес келеді. Медицина қызметкерлері есепке алу-есеп беру құжаттамасын жүргізеді.

       Мектепке дейінгі ұйымда жыл сайын қалалық емхананың  мамандарымен балаларды тереңдетілген медициналық тексеру жүргізіледі. ІАҚ егу күнтізбесіне сәйкес педиатр дәрігердің қатысуымен балаларға иммунопрофилактика және вакцинация жүргізіледі.

        Педагогтер мен қызметкерлер жылына бір рет СанЕжН талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.02.2015 жылғы № 128 бұйрығымен бекітілген "Міндетті медициналық қарап-тексерулерді өткізу қағидаларының" 4-тармағына сәйкес медициналық қарап-тексеруден өтеді.

        Медицина қызмткерлері санитариялық-профилактикалық жұмысты, балаларға медициналық қызмет көрсетуді және олардың тамақтануын ұйымдастыруды, балаларды таңертеңгілік қабылдауды жүргізуді бақылауды жүзеге асырады.

Барлық тәрбиеленушілердің денсаулық құжаты бар.