Ұйымдастырылған оқу қызметі "Математика негіздері"
18-12-2020 01:29

                                            Ұйымдастырылған оқу қызметі

Тәрбиеші: Батталова А.Ө

Топ: Ересек тобы

Білім беру саласы:Таным
Бөлімі : Математика негіздері
Тақырыбы: «Қызықты математика әлеміне саяхат »
Мақсаты:
1.Балаларға сан және санау геометриялық пішіндерді бекіту. Танымдық білімдерін кеңейту.
2.Білімдерін пысықтау,логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру ,оқу іс –әрекетіне деген қызығушылықтарын дамыту .
3.Шапшаңдыққа ,тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс –тәсілдер:сұрақ –жауап ,логикалық жаттығулар ,д\о ,әңгімелесу ,
Көрнекілік :суреттер, гиометриялық пішіндер ,сандар ,кубиктер , слайд
Шаттық шеңбер :
Күннің көзі ашылып ,
Көкке шуақ  шашылып
Құтты қонақ келіпті
Төрімізге еніпті
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал қанекей бәріміз
Сәлеметсізбе дейік 
Балалар отырады
Педагог:Балалар менің тақтамның алдына хат тастап кетіпті .(ашам хатты)Балалар бұл матеметикалық ханшайымнан келіпті (цвет өшеді слайд қосылады ханшайымның суреті тұрады )
Балалар мен ханшайымның хатын оқиын .Мыстан кемпір біздің еліміздің тұрғындарын сиқырлап тастапты .Осы сиқырды шешу үшін сендерден көмек сұраймын.Маған көмектесіңдерме .Сиқырды шешу үшін мыстан кемпір бізге тапсырмалар беріпті соны маған орындап берсеңдер
-ия (балалар жауаптары)Ендеше балалар біз математиқалық  ханшайымның  еліне аттанайық.Балалар біз берілген тапсырмаларды мұқият тиянақты орындауымыз керек сонда ғана математикалық ханшайымды қуантта аламыз.
1 тапсырма
(слайдтан көрсетіледі)Балалар қараңдаршы не бірілген екен ?
ия «Адасқан сандар» егер осы сандарды біз дұрыс орналастырсақ ретімен көпірді қалыпқа келтіретін боламыз.
Тақтаға қарайық біз нешеге дейін санау білеміз.Ия балалар біз 5 санына дейін санауды білеміз.Қане ендеше санайық (тақтаға бір бала шығарып санату)тура кері санату Ал балалар біз орыс тілінде санап көрейікші .Қазір сендерге мен сандарға байланысты «Таңғажайып сандар »таратпа таратамын .Ол жерде біз 5 ке дейінгі сандарды менің нұсқауымен жасап көреміз(таратып беремін)Біз жаңа сендермен 5 ке дейін сандарды тура кері санап айттық.Енді соны қолдарыңдағы тақтайша сандарымен жасап көреміз (1-ден 5ке дейін сандарды жасап ретімен көрсетеміз)
Жақсы балалар рахмет бірінші тапсырма аяқталды

2-ші тапсырма(слайд қосылады )Құлаған қалашық болу керек
Ханшайымның қалашағын тұрғызып беруіміз керек .Ол үшін бізге гиометриялық пішіндер  керек .Тақтаға қарайықшы төрт бұрыш,үшбұрыш ,дөңгелік .(көрсетем )Балалар түстерін атап көрейікші .Көлемдеріде әртүрлі болады.Жақсы балалар біз осы гиометриялық фигуралардан қазір үйлер құрастырып көреміз (жасап көрсетем,сол кезде мен таратпа таратып берем кілемше мен гиометриялық фигуралары бар.)Сендер өздеріңе ұнаған гиометриялық фигуралардан ханшайымның қалашығын жасап беруіміз керек және не жасағандарыңды айтып бересіңдер.Балалардың жұмыстарын бағалау.
Слайд қосылады ханшайымның суреті тұрады
Жақсы балалара екінші тапсырмамызды мұқият орындадық.Міне балалар біз математикалық ханшайымның тапсырмаларын орындап болдық .Балалар біз тапсырманы  дұрыс  мұқият орындадық  енді ханшайым қалашыққа барып мыстан кемпірге біз орындаған тапсырмаларды көрсетіп сиқырды шешуін сұрайтын болады .
Енді орынымыздан тұрып сергіті жаттығуын жасап алайық.
Сергіту сәті

Бір,екі ,үш,
-Қәне қанат қағамыз.
Бір, екі, үш
Қарлығаш боп ұшамыз
Бір ,екі,үш
Жинап алдық күш (2рет қайталау)
Балалар орындарына отырады.
Мызука қосылады қонаққа клоун кіреді
Сәлеметсіңдерме балалар
Сәлеметсізбе клоун сіз неге көңілсізсіз
-Мен жаңа сабаққа кетіп бара жатып қолымдағы корапты жерге құлатып гиометриялық фигуларады шашып алдым енді мен сол гиометриялық фигураларды ретімен қорапшаға салып берсе деп балалардан көмек сұрай келдім . Клоун уайымдама біздің балалар сіздің гиометриялық пішіндерді  ретімен түстеріне байланысты жинап береді .
(Партаға қызыл ,жасыл сары түстері қораптар дайындап қойылады ,көрсетем )ендеше балалар сендерге тапсырма мен қазір қораптағы гиометриялық пішіндерді  шашамын ал сендер соны ретімен мына қорапшаға саласыңдар.Балалар менің жаныма келеді.Тапсырманы орындаймыз.
Клоун балалар сендерге көп рахмет менің тапсырмамды мұқият орындап жинап бердіңдер .Енді мен сабағыма барайын .Сендерге мен тәтті ала келдім оны сендер қонақтар кеткен соң жейсіңдер балалар .Сау болыңыз .Қоштасып шығып кетеді.
Балалар жақсы бәріміз орнымызға отырайық бүгінігі жасаған жұмысымызды қорытындылайық .
 -балалар біз математикалық ханшайымның қандай тапсырмаларын орындадық?
-Біз бүгін сендермен нешеге дейін сандарды айттық
-ия 1-5ке дейін сандар тура кері санату.Орыс тілінде санату
-2ші тапсырма қандай   болды ?
-гиометриялық фиуграларды айттық тоқталу көрсету .
-Гиометриялық пішіндерден не жасадық .
-Сабақ сендерге ұнадыма?
Ендеше  қазір мен сендерге смайлик таратамын соны сендер бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлеріңді көрсетесіңдер
-жақсы балалар сендерге рахмет бүгінгі сабаққа жақсы қатысып тапсырмаларды дұрыс орындап көрсете білдіңдер .