Размер шрифта:

2025-2026 оқу жылында мектеп бойынша педагогтерді аттестаттау процесі бекітілген ережелерге сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді. Мектептен аттестаттаудан өтуге барлығы 8 педагог өтінім берді. Санаттар мен кезеңдер бойынша бөлінісі: Педагог-модератор санаты

Дата: 2026-09-17 23:14:41
2025-2026 оқу жылында мектеп бойынша педагогтерді аттестаттау процесі бекітілген ережелерге сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді. Мектептен аттестаттаудан өтуге барлығы 8 педагог өтінім берді.
 
Санаттар мен кезеңдер бойынша бөлінісі:
 
Педагог-модератор санаты: Осы санатты алуға 6 педагог өтінім білдіріп, нәтижесінде 5 педагог оң шешіммен санатты иеленді, ал 1 өтінім расталмады.
 
Педагог-сарапшы санаты: 1 педагог өзінің санатын растау үшін өтінім берді.
 
Педагог-зерттеуші санаты: 1 педагог санатты растау процесінен өтуде.
 
Пилоттық жоба: Педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматын енгізу аясында 1 педагог пилоттық жобаға қатысуда.
 
Аттестаттау процесінің барысы:
 
Педагогтерді аттестаттау кезең-кезеңімен (өтінім беру, пәндік білімді бағалау (ПББ/ПКТ) компьютерлік тестілеуі, комиссия сараптамасы және шешім шығару) жүзеге асырылды. «Ұстаз» платформасы арқылы педагогтердің білім сапасы, жетістіктері, тәжірибе таратуы, баяндамалары, басылымдары, жобаларға қатысуы мен оқу-әдістемелік материалдары жинақталып, комиссия сараптамасынан өтті.
 
Аттестаттау қорытындысы бойынша тиісті бұйрықтар шығарылып, мұғалімдердің кәсіби санаттары бекітілді.