1 ҚЫРКҮЙЕК – БІЛІМ КҮНІ!
Дата: 2026-09-17 16:41:57
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 1 қыркүйек – білімге бастар жолдың, жаңа мақсаттар мен үлкен армандардың бастауы. Оқушыларға жаңа оқу жылында сәттілік, қызықты жаңалықтар, жарқын жетістіктер, биік белестер мен ұмытылмас сәттер тілейміз! Ұстаздарға сарқылмас күш-қуат, шығармашылық шабыт, мықты денсаулық және еңбектерінің жемісін көруді тілейміз! Жаңа оқу жылы баршаңызға табысты, берекелі әрі білімге толы болсын! Армандар орындалып, әр күн жаңа мүмкіндіктерге толы болсын! Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті өтсін!
