«Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп және жауапкершілік» – 2026–2027 оқу жылына арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
2026 жылғы 11 қыркүйек күні №12 жалпы орта білім беретін мектебінде ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың негізгі тақырыбы: «Бала тәрбиесі – ортақ міндет: заң, тәртіп және жауапкершілік» Жиын барысында 2026–2027 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмысының негізгі бағыттары таныстырылып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, оқушының құқықтары мен міндеттері, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәселелері кеңінен талқыланды. «Заң мен тәртіп» бағыты аясында құқықбұзушылықтың, буллинг пен әлімжеттіктің алдын алу, оқушылардың тәртібі және құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, бала қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, жол қауіпсіздігі, сабақтан тыс уақыттағы қауіпсіздік, интернет пен әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану мәселелері қарастырылды. Жиналысқа Балқаш қаласы ПБ ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция аға лейтенанты Накен Елжас қатысып, оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау жөнінде маңызды ақпарат берді.