«Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз»
Мектебімізде 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Наурыз мейрамының мәні мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында мектеп ұжымы ұлттық нақыштағы киімдер киіп, халқымыздың салт-дәстүрі мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттады.
Мерекелік іс-шара барысында ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымыз дәріптеліп, оқушыларға халқымыздың мәдени мұрасын құрметтеудің маңызы түсіндірілді. Ұлттық киімдегі ұстаздардың көрінісі мерекенің мазмұнын айшықтап, мектеп ұжымының бірлігін көрсетті.
Мектеп директоры барша ұстаздар мен оқушыларды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, бұл күннің жаңару, татулық, береке мен ізгілік мерекесі екенін атап өтті.
Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата-аналар!
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен қуаныш әкелсін. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен бірлік орнап, халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтары ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әз Наурыз құтты болсын!
